Гүлмира Сатыбалдыға жаңадан айып тағылды - Антикор

10 Сәуір, 17:49 704

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу амалдары аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі, ресми өкіл Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты бас бостандығынан заңсыз айыру, аса ірі мөлшерде қаржы бопсалау, ауыр зардаптарға әкеп соққан өзін-өзі басқару фактілері бойынша тергеу аяқталды. Алматы қаласының тергеу соты күдіктіні қамауда ұстау санкциясын тағайындалды. Қазір қылмыстық процеске қатысушылар іс материалдарымен танысуда, содан кейін ол сотқа жіберіледі, - деді Данияр Бигайдаров.

Айта кетейік, 52 жастағы Гүлмира Сатыбалды - Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. 2005 жылға дейін Қайрат Сатыбалдымен некеде тұрған. 

Бұған дейін Қызылорда соты Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес 2018 жылы мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде Гүлмира Сатыбалды "Ариа-Жана Астана" компаниясының жеңіске жетуіне көмектескен. Бірақ жұмысты атқару туралы заңсыз 14 акт қабылданып, мемлекетке 441 миллион теңге шығын келтірілген.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: