Қызылорда сот Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сатыбалдыдан бөлек тағы 7 адамның ісі қаралды. Олар 198-бап, 4-бөлім, 2-тармақ бойынша, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы аса ірі мөлшерде мүлікті ұрлағаны үшін айыпталды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес 2018 жылы мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде Гүлмира Сатыбалды "Ариа-Жана Астана" компаниясының жеңіске жетуіне көмектескен. Бірақ жұмысты атқару туралы заңсыз 14 акт қабылданып, мемлекетке 441 миллион теңге шығын келтірілген.
Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды бұған дейін 7 жылға сотталған еді. Сондай-ақ кәсіпкер Тұрсен Алагөзевке 6,5 миллиард теңге төлеуге міндеттелді.
Оқи отырыңыз: