«Гуканне вясны» мерекесі өтті

3 Сәуір 2018, 09:20 1780

Өткен жексенбіде Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінде облыстық «Беларусь» этномәдени бірлестігінің «Гуканне вясны» мерекесі өтті. «Гуканне вясны», атап айтқанда «Көктемді шақыру» - бұл белорус халқының бірінші көктем мерекесі болып табылады. Осы уақытта құстар келіп, көктемді өз қанаттарында әкеледі деген сенім бар. Бұл әдемі, жарқын және қуанышты мереке 14 наурыздан бастап, көктем келгенше тойлайды екен. 

Іс-шараға Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары, белорус этномәдени бірлестігінің көптеген қатысушылары, қала тұрғындары мен қонақтары атсалысты. Өз құттықтау сөздерінде Павлодар облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы мен облыстық «Беларусь» этномәдени бірлестігінің төрайымы Богнат Любовь Ивановна барлық жиналған қауымды көктем мерекесімен құттықтап, әр үйге жылу, жайлылық пен амандық тіледі.

Ұйымдастырушылар көрермендерге қызықты бағдарламасын ұсынды. Сондықтан көктемді қарсы алу мерекесі өте көңілді өтті. Мерекелік бағдарламаға балалар да, үлкендер де бірдей қатысты.  Қонақтарға мен көрермендерге құстардың түрінде «жаворанки» деп аталатын тоқаштар таратылды. Көрермендер өздерінің тілектерін айтып, ағашқа қағаздан жасалған құстарды ілу салтын өткізді.

Қатысушылар ән айтып, би билеп, өлең оқып  көрермендерді қуантты. Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің балалары көктем туралы әдемі тақпақтар оқыды. Ал «Крыницы», «Жаураначек», «Пралески», «Надзея» ансамбльдерінің орындауындағы әндер мен билер көрермендердің жүрегін баурап алды.

Бөлісу: