Грузияда қазақстандық компания «Жылдың ең белсенді инвесторы» марапатына ие болды

17 Шілде, 21:14 428

Грузия нарығында жұмыс істейтін бизнес көшбасшыларына арналған XXIII марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құзыретті қазылар алқасының шешімі бойынша «Батуми теңіз порты» ЖШС «Инвестициялық тартымдылық, жоғары қауіпсіздік деңгейі, динамикалық өсу және даму» номинациясында жеңімпаз атанды, сондай-ақ сарапшылар мен бизнесмендердің дауыс беру қорытындысы бойынша «Грузияның ең ірі салық төлеушісі» номинациясында көшбасшы деп танылды.

«Georgian Times» медиахолдингінің бизнес-сыйлығы 1995 жылы құрылған. Ол жыл сайын Грузияда жұмыс орындарын, валюта ресурстарын және елдің экспорттық әлеуетін жүзеге асырып жатқан үздік компанияларға табысталады.

Қазылар алқасының мүшелері Батуми портының басшылығы оның дамуына, негізгі нысандарды жаңартуға, сапа мен қауіпсіздікті басқарудың заманауи стандарттарын енгізуге үлкен көңіл бөлетінін атап өтті. Жоғары кәсіби команда, дамыған инфрақұрылым, қолайлы орналасу және әмбебаптық портты пайдаланушыларға кең ауқымды сапалы қызметтерді оңтайлы жағдайларда ұсынуға мүмкіндік береді деп көрсетілді.

Порттың бас директоры Ұлан Тлеуғалиға марапатты табыстау барысында Грузия Парламенті төрағасының бірінші орынбасары Гия Вольский Батуми теңіз порты Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізінің маңызды буыны екенін атап өтті. «Жүк айналымының серпінді өсуі порттың сарқылмас өндірістік мүмкіндіктерін және мақсатты, белсенді жұмысын көрсетеді. Порт жаңа деңгейге шығып, дамуын жалғастыруда, өйткені оның одан да жақсы нәтижелерге қол жеткізуге әлеуеті бар», – деді депутат.

Жобаның мақсаты – ұлттық бизнестің ең табысты салаларын анықтау, бизнес, билік және қоғам арасындағы диалогты қолдау. Біздің марапаттарымыз ел экономикасының 90 пайызын құрайтын күшті компанияларды айқындайды, – деп атап өтті «Georgian Times» медиахолдингінің негізін қалаушы және президенті, бизнес сыйлықтың негізін қалаушы Малхаз Гулашвили.

Перизат Саденова
Бөлісу: