Грек және Кипр Республикаларына елшілер тағайындалды

23 Қаңтар, 19:26 518

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Грек және Кипр Республикаларындағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Тимур Шәмілұлы Сұлтанғожин Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Николай Владимирович Жұмақанов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: