Грек-рим күресі: Қазақстандық балуан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Наурыз, 22:02 468

Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ибрагим Магомадов 77 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті. 

Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан иорданиялық Амро Садеден басым түсті.

Сондай-ақ, 87 келі салмақта Шамиль Ожаев та қола медаль үшін сынға түседі.

130 келі салмақта Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатының финалында бақ сынайды.

Айта кетейік, бұған дейін Ербол Қамалиев (55 келі) өзбекстандық Ихтиёр Ботировқа жол берсе, Сұлтан Әсетұлы (63 келі) солтүстіккореялық Чан Кимге есе жіберген болатын.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: