Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан халықаралық Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасының спортшысы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.
Қола үшін өткен белдесуде Жұбаназар жапондық Сотаро Фудживароны жеңді.
Айта кетейік, Қазақстан бұл турнирде алғаш рет жүлде иеленді.