GOSAGRO: Қазақстандық фермерлерге 108,8 млрд теңге субсидия төленді

23 Маусым 2023, 01:06 827

Қазақстандық фермерлер субсидия алу үшін 77 872 өтінім берді. ҚР АШМ мәліметінше, субсидиялау қағидаларына сәйкес 34 911 өтінім бойынша қолдау көрсетуден бас тартылды. Бүгінгі таңда жүйеде 50 525 пайдаланушы тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

60,3 млрд теңгеге 21 448 өтінім мақұлданып, «күту парағына» қойылды. Бұл өтінімдер жүйемен толығымен өңделіп, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармалары СБМА-нің қатысуынсыз толық көлемде төленіп жатыр. Бүгінде 48,5 млрд теңге төленді, - делінген мәліметте.

Бұл сомадан басқа мемлекеттік жүйе арқылы фермерлерге 2022 жыл үшін субсидиялар бойынша 28,4 млрд теңгеге қарыз төленді.

Қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттары бойынша бүгінгі күні 36,7 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданып, 31,6 млрд теңге төленді. Нәтижесінде СБМАЖ жүйесі арқылы барлығы 108,8 млрд теңге төленді, - делінген мәліметте.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың жаңа ұсыныстары бойынша 2 581 өтінім (49,1 млрд теңге) берілді, қазіргі уақытта қаржы институттары 129 мақұлдады, АШБ 331 өтінімді (8,3 млрд теңге) мақұлдап, резервке жіберді.

Осылайша, бірыңғай резервте 45,8 млрд теңгеге 2 206 өтінім мөлшерінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жөніндегі ұсыныстар Ауыл шаруашылығы басқармаларына жеткізілді. Ережеге сәйкес, бұл ұсыныстар қаражат қолжетімді болған кезде келісімшарттармен бекітіледі, - делінген.

EL.KZ
Бөлісу: