Google жүздеген қызметкерін жұмыстан шығарды

12 Қаңтар, 11:27 700

Google компаниясының басшылығы қызметкерлерін жаппай жұмыстан шығара бастады. Бір күннің ішінде корпорацияның жүздеген қызметкері қысқартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

bloomberg.com мәліметіне сәйкес, компания шығындарды азайту мақсатында қызметкерлерді қысқарту туралы шешім қабылдауға мәжбүр болған.

Мемлекеттік оңтайландыруға негізінен Google Assistant дауыстық көмекшісінде жұмыс істейтін қызметкерлер кірді. Қысқартулар компанияның орталық бөлімшесінің инженерлеріне де әсер етті. Мұның басты себебі ретінде Google компаниясының басты бәсекелестері - Microsoft корпорациясының және OpenAI тарапынан көрсетілген қысым әсер еткені айтылған.

2023 жылдың екінші жартыжылдығында біздің бірқатар командалар тиімдірек болу және ресурстарын өнім басымдықтарымен сәйкестендіру үшін операциялық өзгерістер жасады. Кейбірі әлі де компания ішіндегі өзгерістерді жалғастыруда, - деп түсіндірді Google.

Компания жұмысшылары 2023 жылдың қаңтарынан бері қысқарту болатыны туралы хабардар. Былтыр Alphabet компаниясы 12 мыңға жуық жұмыс орнын қысқартатынын мәлімдеді, бұл компания қызметкерлерінің жалпы санының 6%-ын құрайды. 

Оқи отырыңыз:

Осыдан біраз уақыт бұрын Amazon Prime Video және MGM Studios бөліміндегі жүздеген қызметкерін жұмыстан шығарды. Компания басшылығы өз әрекеттерін бизнесті қайта құру және қаржыны тиімді бағыттарға қайта бөлу деп түсіндірді. 2023 жылы Марк Цукерберг жұмыстан шығарылатын Meta қызметкерлерінің рекордтық санын жариялады. Бизнесмен 10 мыңға жуық адамның жұмыстан босатылғанын және 5 мыңға жуық қосымша бос жұмыс орындарының жабылғанын хабарлады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: