14 Шілде 2014, 12:36
Google-дің пайдаланушылар туралы бүкіл ақпаратты жинайтыны туралы жоғарыда атап өттік. Оның осы саясаты көп адамдарды қорқыта бастады. Себебі, адамның жеке ақпараттары үшінші жаққа кетуі мүмкін. Бұл жеке өмірге қол сұғу болады. Ал бұнын орнына кодтық қоры ашық, дизайны жеңіл, әрі түсінікті іздеу жүйесі шықты. Ешқандай IP-мекенжайларды сақтамайды, пайдаланушының белсенділігі туралы ешқандай логтар жүргізбейді, кукиді тек керек кезде ғана пайдаланады
Google іздеу жүйесі адамдарға жақын ақпаратты беріп отырады. Іздеу жүйесі шынайы тапқан ақпаратты емес, тек қатысты мәліметтерді нәтиже ретінде көрсетеді. Біздің қызуғушылық пен алдындағы таңдаулар әсерінен келетін ақпарат шектеулі болады. Егер сол сөзді әртүрлі компьютерден іздесек, әр келкі нәтиже шығады. Осындай талғампаздық іздеу ұнамаған кезде DuckDuckGo көмекке келеді. Бұл сервис «ақпараттық қақпаннан» шығуға мүмкіншілік береді. Іздеу нәтижесінің шынайы көрінісін бақылаймыз.
3. Жарнама жоқ
DuckDuckGo де Google секілді пайданы жарнамадан көретін болса да, жарнаманы баптаулар арқылы оп-оңай алып тастауға болады. Іздеі жүйесінің жұмыс істеуіне ешқалай да әсер етпейді.
4. Іздеу нәтижелері мультимедиялық қосымшамен шығады
DuckDuckGo сервисі қызықты ізделінген контентті толықтай зерттеп алу үшін алғашқы бетке қосымша көптегер контент ұсынады. Сервистің жоғары жағында арнайы панель бар екенін байқаймыз. Онда сұранысқа сай келетін сурет, видео, клиптарды қарап шығуға болады.
5. Сыртқы көрінісі мен функционалдығын баптау
Көріністі бірнеше тақырыптар аясында өзгертуге болады. Сонымен қатар бет түсі, қаріп, сілтемелер түстері, басқа да параметрлерді өзгерте аласыз. Өзіңізге ұнайтынды таңдап, іздеуді бастайсыз.
Қорыта айтқанда, DuckDuckGo-ты дамытушы топ өте жылдам, функционалды және жеке ақпаратты сақтайтын іздеу жүйесін жасап шығарды. Сізге тек соны пайдалану ғана қалды.
DuckDuckGo Google-ді ауыстыра ала ма? Әзірге – жоқ. Интернет алпауыттың ресурстары өте көп. Және Google да күннен күнге дамуда. Бірақ күндердің күнінде кішкентай үйрек те интернет алпауыттын орнын баса алар.
Ал сіз не ойлайсыз?