«Гонорары 10 млн теңге». Павлодар әкімдігі мерекелік кешке кімдерді шақырды?

13 Наурыз, 13:17 5919

Павлодардағы Наурыз мерекесінде өнер көрсету үшін Қайрат Нұртас пен Роза Рымбаева шақырту алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында қалалық бюджеттен жұлдыздардың гонорары үшін 10 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылғанын мәлімдеді.

Мерекелік кеш 22 наурызда Орталық алаңда өткізілмек. Концертке дайындық кезінде қала орталығындағы кейбір көшелер жабылады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: