Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің 2023 жылы өткізген жекпе-жектері «Жылдың үздік оқиғасы» номинациясына ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.
The Ring журналы Головкиннің жапониялық Риота Мурата мен мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жектерін таңдады.
The Ring ұсынған төрт жекпе-жектің екеуіне Головкин қатысқан. Муратаға қарсы кездесу сәуірде өтіп, 9-раундта Геннадий Головкин техникалық нокаутпен жеңді. Головкин – «Канелоның» үшінші жекпе-жегі қыркүйекте өтіп, төрешілер жеңісті мексикалық боксшыға берген, – деп жазды басылым.