Головкин Сауль Альвареспен үшінші мәрте жұдырықтасқаннан кейін қандай жоспары барын айтты

30 Тамыз 2022, 20:14 1278

Головкин бұған дейін бірнеше рет осы айқастан кейін бокстағы керьерамды аяқтаймын дегенге саятын мәлімдеме жасаған еді

WBA Super, IBF және IBO нұсқасындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен үшінші мәрте жұдырықтасқаннан кейін қандай жоспары барын айтты, деп хабарлайды El.kz Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.
Головкин бұған дейін бірнеше рет осы айқастан кейін бокстағы керьерамды аяқтаймын дегенге саятын мәлімдеме жасаған еді.
Алайда осы жолы келешегіне ешқандай нақты болжам жасамайтынын жеткізді.
«Қорытынды шешімді аталған жекпе-жектен кейін қабылдаймын. Бәрі жағдайға байланысты. Егер бүкіл титулымды сақтап қалуға мүмкіндік болса, орта салмақтағы теңестіру айқастарына әрі қарай қатыса беремін. Өйткені бұған дейін ешкім олай жасаған жоқ қой. Жалпы, келешекте қалай болатынын жағдайға қарай көреміз», - деді ол кеше Boxingscene сайтына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйек күні Американың Лас Вегас қаласында өтеді.

Бөлісу: