20 мамыр күні америкалық актриса Натали Портман Dior-дың тарихи киім үлгісімен қызыл кілемде жүріп өтіп, көпшілікті тамсандырды,
76-рет ұйымдастырылған Канн кинофестивалінде Натали Портман басты рөл сомдайтын «Мамыр, желтоқсан» фильмінің тұсаукесері өтті. Портман іс-шараға Dior-дың 1949 жылғы коллекциясындағы көйлекті киіп келді. Көйлек корсет және гүл бүршігі тәріздес белдемшеден тұрады. Бұдан қалды актриса гауһартас пен ақ алтыннан жасалған сырға тағып, шашын ұқыпты етіп жинаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл көйлектің түпнұсқасы Метрополитен музейінде сақтаулы. Ал оны ең алғаш рет Кристиан Диордың музасы болған қазақ қызы Алла Ильчун киіп шыққан.
Сурет: allailchun.com