Ұлттық бітімгерлік контингенттің әскери қызметшілері БҰҰ миссиясындағы жедел әрекет ету күштерінің іс-қимыл алгоритмімен және базаның инфрақұрылымымен танысып, күнделікті қызметке кірісті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық бітімгерлік ротаның жедел әрекет ету күштері ирландиялық әріптестерімен жараланған адамды эвакуациялау бойынша бірлескен жаттығу өткізді.
Дабылмен көтерілген бөлімше тез арада Голан жоталарында БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағындағы базадан бірнеше шақырым жерде орналасқан бақылау бекетіне кетті.
Жаттығудың бірінші кезеңінде бекеттің аумағын тазарту және тексеру жүргізілді. Ирландиялық әскери қызметшілер жедел әрекет ету күштерінің іс-қимыл тәртібі, функцияларды бөлу бойынша сабақтар өткізді. Голан жоталарындағы жауапкершілік аймақтары мен мұнда атқарылатын қызмет ерекшеліктерімен таныстырды.
Күнделікті қызмет шеңберінде әскери қызметшілер әскери техникаға қызмет көрсетіп, бронды дөңгелекті машиналарға жауынгерлік модульдерді орнатады.