Глоссарий

29 Наурыз 2014, 09:09

Абстрактілі ұғымдар – қандайда бір дерексіз құбылыстар­ дың жаратылыста бар екенін және олардың мәні мен сипатын ойлану әрекеті арқылы ғана дәйектейтін түсініктер.

Абстрактілі ұғымдар – қандайда бір дерексіз құбылыстар­ дың жаратылыста бар екенін және олардың мәні мен сипатын ойлану әрекеті арқылы ғана дәйектейтін түсініктер.

Ақындар – өмірлік шындықты бейнелеу барысында поэзия­ лық пішінді пайдаланатын әдеби шығармашылық иелері. ХVІІІ ғасырдағы ақындардың көркемдік әдісі, негізінен, реализм болса, поэзиялық негізгі жанры өлең болды.

Арнау – белгілі бір адамға (адамдарға) бағыттала айтылған өлең. Негізгі ерекшелігі – арналған адамының (адамдары­ның) жақсылы-жаманды мінездерін, іс-әрекеттерін айқындай таныту.

Әдеби мұра – бұрынғы уақыттарда жасалған әдеби шығар­ малар жиыны. Әдеби мұра белгілі бір шығармашылық иесіне, яки белгілі бір дәуір әдебиетіне қатысты болуы ықтимал.

Әлеуметтік жағдай – белгілі бір уақыт аралығындағы қо­ғамды құраған адамдардың тұрмыс-тіршілігін, қарым-қатынас сипатын, өмір сүру деңгейін көрсететін ұғым.

Бейнелілік – әдеби шығармада өмір құбылыстарының көр­ кем образдар жүйесіне айналуы.

Би-шешендер – хандық дәуірдегі ел өмірінде қоғамдық-әлеу­меттік қарым-қатынастарда маңызды роль атқарған қайраткер тұлғалар. Билер, көбінесе, елдің ішкі-сыртқы қарым-қатынас­ тарындағы даулы мәселелердің түйінін шешумен айналысса, шешендер ел өміріне, адам жаратылысына қатысты филосо­фиялық ойлар тарқатуға көбірек бейім болған. Би-шешендердің ақын-жыраулардан айырмашылығы – олардың қара сөз бен өлең сөзді еркін пайдалануы, яғни би-шешендер поэзия талап­тарын ұдайы құнттай бермейді. Көбіне-көп жағдайда экспрес­­сиялы ырғаққа ден қояды.

Дидактикалық поэзия – философиялық, діни, моральдық, ғылыми-танымдық ойлар мен білімдерді поэзиялық пішінде жеткізу барысында олардың тағылымдық мәніне баса назар аударатын көркем шығармалар арқылы айқындалатын түсінік.

Жыраулар – хандық дәуірдегі қазақ әдебиетін қалыптас­ тырған негізгі тұлғалар. Толғау, жыр түрінде келетін поэзия­ лық шығармаларына дидактикалық ұлағат, философиялық ой-толғаныстар, романтикалық сезім, реалистік суреттеулер тән.

Жыраулық дәстүр – жыраулар поэзиясында қалыптасқан әдеби үлгілер, ой-идеялар, тақырыптар мен проблемаларды білдіретін ұғым.

Идея – әдеби шығармада бейнеленген мәселелер арқылы алға тартылатын ой-пікірлер.

Импровизаторлық шеберлік – кез келген сәтте өз жанынан жаңа поэзиялық туындыны жарыққа шығару қабілетінің ке­ мел көрінісі.

Көркемдік – көркем өнердің ең негізгі шарты. Көркемдікті айқындаудың басты өлшемі – көркем шындық. Көркем шын­дық – шығармашылық иесінің өмір шындығын көркем бейне­ лер арқылы көрсету әрекетінің түпкі нәтижесі, өмір шын­ дығының бейнелі көрінісі.

Көркемдік мазмұн –­ әдеби шығармада көркем бейнелер ар­ қылы көрініс тапқан өмір шындығы.

Көркемдік тәсіл – өз туындысында көздеген мақсатына орай, әдеби шығармашылық иесінің іріктей пайдаланған бей­ нелеу құралдарының жүйесі.

Өлең – өмірдің түрлі көріністері бейнеленетін шағын көлем­ ді поэзиялық шығарма.

Поэзия – қандай да бір ойды сөз арқылы жеткізу типі; прозадан айырмашылығы – белгілі бір шек аралығында ырғаққа бағынып, ұйқасты сақтауы.

Пішін – әдеби шығарманың сыртқы түрі, көркемдік маз­ мұнның бейнеленген көрінісі.

Реалистік әдіс (реализм) – өмірде болған немесе болуы ық­тимал жағдайлар мен оқиғаларды, құбылыстарды шындық аясында көркемдік тұрғыдан жинақтай бейнелеу әдісі.

Сатира – қоғамдағы және адам жаратылысындағы келеңсіз жағдайлар мен құбылыстарды әшкерелей күлкі ететін әдеби түр.

Саяси өмір – белгілі бір кезеңдегі қоғамның әртүрлі әлеу­ меттік топтары арасында мемлекеттің билік жүйесіне қатыс­ ты көрініс беретін түрлі сипаттағы қарым-қатынастары арқылы айқындалатын өмір бейнесі.

Суреткерлік – өнерде, әдебиетте өмір көріністерін шындық аясында суретке айналдыра бейнелеу шеберлігі.

Тақырып – әдеби шығармада бейнеленген өмірлік шын­дық арқылы айқындалатын қоғамдық немесе әлеуметтік негізгі проблема.

Тарихи жағдай – белгілі бір кезең аясында мемлекеттің ішкі-сыртқы саяси қарым-қатынастарына байланысты ел ішінде қалыптасқан қоғамдық-әлеуметтік өмірінің сипаты негізінде айқындалатын ұғым.

Тармақ – поэзиялық шығарманың бір жолы.

Толғау – негізінен, жыр үлгісінде шығарылатын, тақырыбы мен идеясы адам, заман, өмір проблемаларын философиялық-дидактикалық тұрғыдан ашып көрсетуге бағытталатын поэзиялық шығарма.

Философиялық ой – адам жаратылысын, дүние сырын, өмірдің­ мән-маңызын т.с.с. күрделі құбылыстарды танып-бі­луді мақсат еткен ой.

Халықтық поэзия – халықтың өзі туғызып, ғасырлар бойы өз ішінде сақтап келе жатқан халықтық шығармашылық үлгілерінің бірі. Халықтық поэзияда халықтың өмірі, дүниеге көзқарасы, идеал мұраттары бейнеленеді. Халықтық поэзия – халықтың көркем өнерінің тарихи негізі, ұлттық дәстүрлердің бастауы, халықтық дүниетанымның көрінісі.

Хандық дәуір – қазақ елінің тарихында хандық билік орны ғып, мемлекеттегі қоғамдық-әлеуметтік, саяси-мәдени проб­лемалардың барлығын аталған билік жүйесі аясында шешу үлгілері қалыптасқан кезең.

Шығармашылық – мазмұндық қасиеті тұрғысынан өзгені қайталамайтын бірегей және қоғамдық-тарихи мәні жағынан айрықша әсерлі дүние жасауға бағытталған әрекет. Бұл әрекет адамға ғана тән қасиет болғандықтан, әрдайым жаңа дүниежасаушы шығармашылық тұлғаның болуын қажетсінеді.

Шығармашылық ойлау – сапалық тұрғыдан жаңа нәрсе жасауға бағытталған ойлау әрекеті.

Эпикалық шығарма – халықтың бастан өткерген тарихи оқиғаларын немесе тарихи тұлғалардың іс-әрекеттерін бейнелейтін көлемді поэзиялық туынды.

Юмор – адам болмысындағы, мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі өрескел жәйттерді күлкіге айналдыра бейнелеу тәсілі.

Аманжол Әлтай, «Жыраулар мұрасы»

Бөлісу: