GGG бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісімен құттықтады

15 Мамыр 2023, 11:24 630

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (GGG) Instagram парақшасында ұлттық құраманы 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан ұлттық құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша нәтижесімен құттықтаймын!, - деп жазды Г.Головкин

Айта кетейік, көршілес Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54-ке дейін), Асланбек Шымбергенов (71-ге дейін) және Нұрбек Оралбай (80-ге дейін) әлем чемпионы атанды. Ал Дулат Бекбауов (67-ге дейін) күміс жүлде иеленді. 

Равиль Ашығали
Бөлісу: