Германиядан келген неміс отбасы Қазақстанда жылқы шаруашылығын дамытпақ

2 Наурыз, 20:01 10896

Германиядан Қазақстанға қоныс аударған неміс отбасы қазақ жерінде жылқы шаруашылығы дамытпақ. Тіпті олар жылқы фермасын сатып алып үлгерген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы неміс жанұясының отағасы желі парақшасында видео жариялап, Қазақстанға қоныс аударғанын айтты. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, ер кісі 27 жыл Германияда өмір сүрген. Кейін әйелімен кеңесе келе Қазақстанға қоныс аудару туралы шешім қабылдаған. 

Автор парақшасында өз елінен Алматыға қоныс аударған сәтінің видеосымен бөліскен. 

 

 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: