Германия босқындарға жағдай жасау үшін биыл 1 млрд еуро бөледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы мигранттар мәселесіне арналған қарарда айтылған. Неміс канцлері Олаф Шольцтің айтуынша, ақша көбіне Украинадан қоныс аударғандарға беріледі. Бұл туралы Хабар24 жазды.
Негізі билік бұл мақсатқа 2,5 млрд еуро бөлуді ұсынған болатын. Өйткені босқындарға қамқорлық жасау ісіне жалпы 16 млрд еуро қажет.
Шольц өткен жылдың басынан бері 1 млн-дай Украина азаматы келгенін айтады. Ал биылғы қаңтар мен сәуір аралығында 100 мыңға жуық босқын пана сұрап, өтініш жазған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 78%-ке көп.
Бүгінгі келісімдердің нәтижесінде Үкімет 1 млрд еуро бөлетін болды. Бұл ақша көші-қон қызметін цифрландыруға және жергілікті әкімдіктерге күрделі істі атқаруға қолдау көрсетуге жұмсалмақ, - деді Германия канцлері Олаф Шольц.