Әскери көмектің құны 2,7 миллиард еуро, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Der Spiegel-ге сілтеме жасап.
Басылымда хабарланғандай, жабдықтар Украинаға жақын күндері жөнелтіледі.
Жеткізу жоспарланған жабдықтардың ішінде 20 Marder жаяу әскерінің броньды көлігі, бірнеше ондаған Leopard танкі және 200 ұшқышсыз ұшақ бар.
Сонымен қатар IRIS-T әуе шабуылына қарсы қорғаныс техникасы мен оқ-дәрілері Украинаға жеткізілді.