13 Сәуір 2016, 11:50
- Мен боксты таңдаған жоқпын, бокс мені таңдады.
- Шаршы алаңнан басқа жерде мен қарапайым жігітпін.
- Алғашқы жекпе-жегімде мен жеңіліп қалдым. Ол жеңіліс менің рухымды басқан жоқ. Керісінше осыдан кейін тынбай жаттығу жасай бастадым.
- Жастық шағымда көп төбелестім. Көшедегі әр төбелесте өзіңнің мықты екеніңді дәлелдеу керек болатын.
- Мен қарапайым шахтердің отбасынан шықтым. Дегенмен, әке-шешемді, туған қалам — Қарағандыны мақтан тұтам.
- Мен әкем үшін жұдырықтасамын. Әр жекпе-жегімді сол кісіге арнаймын.
- Талант — адамның соры. Талантты адам белгілі бір деңгейден ары аса алмайды. Өмірде еңбекқор әрі төзімді адам көп жетістікке жетеді.
- Мені «қорғанысқа көңіл бөлмейді» деп ойласаңыз — қателесесіз. Бұл қарсыластың мысын басу үшін жасалатын тактика.
- Маған ерекше әсер қалдырған адам — жұбайым.
- Кез-келген қарсыласты жеңуге болады.
Алмас САУДАНБАЙ