Орта салмақта WBA Super/IBF нұсқалары бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин танымал бапкер Джеймс «Бадди» Макгирттің залына барды, деп хабарлайды El.kz.
Мұнда орта дивизионда WBO титулының иесі Жәнібек Әлімханұлы жаттығу жасайтынын айта кетейік.
Бұл туралы жаттықтырушының өзі Instagram-да жазды. Ол әлеуметтік желіде Геннадиймен түскен суретін жариялаған. Ал суреттің астына «Бүгін GGG келді» деп жазба қалдырған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жәнібек Әлімханұлы қазіргі уақытта канадалық Стивен Батлермен кездесуге даярлық жұмыстарын жүргізіп жатыр. 13 мамырда өтетін айқаста жерлесіміз чемпиондық атағын қорғайды.
Ал Головкиннің жоспары әзірге белгісіз. Бұған дейін Геннадий шаршы алаңға 2022 жылғы қыркүйекте шығып, мексикалық Сауль «Канело» Альвареске есе жіберді.