Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларды қолдау үшін Италияға барды

9 Наурыз, 19:06 2084

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсициоға (Италия) барды

Аталған сында 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынауда.

ҰОК басшысы шешуші жекпе-жектер кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары.

Айта кетелік, бүгін, 9 наурыз күні үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Валентина Хальзова ширек финалға жолдама алып үлгерді, ал Наталья Богданова мен Айбек Оралбай 1/8 айналымда сынға түседі.

Перизат Саденова
Бөлісу: