Генерал-майор Дмитрий Пивень

29 Қыркүйек 2017, 15:20 2935

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне - 25 жыл 

Өмірбаян бетттерінен

1943 жылы 2 мамырда дүниеге келген. 1960 жылдан Қарулы Күштер сапында. 1985 жылы Тыл және транспорт әскери академиясын бітірген. Құрама штабында қызмет бастығы болған. Белорус әскери округіне қарасты армия штабында жауапты қызметтер атқарған. Түркістан әскери округіне қарасты армия штаб бастығының орынбасарны қызметін атқарған. Қазақстан әскері құрылған тұста ҚР ҚМ Бас штаб бастығының орынбасары лауазымын атқарған. Осы қызметтен құрметті демалысқа кеткен. Бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған 1997 жылы қайтыс болған.

***

КСРО тұсында Совет Армиясының санына қатысты мәлімет еш уақытта ешбір жерде жарияланбады. Мемлекеттік құпия. Қырғиқабақ соғыстың шыңырау шегіне жеткен жылдары 1 жарым миллионнан астам болды деген ақпаратты «қайта құру» жылдары ғана ести бастадық. Әбден мүмкін. Жергілікті әскери басқару органдарының күретамыры – аудандық, қалалық «военкоматтар». Күзгі әскерге шақыру науқаны барысында әр комиссариат сапқа 300-400 сарбаз тұрғызды. Әр облыста орта есеппен 12-14 аудан болды. Әр республика орта есеппен 15 облыс. (Қазақ КСР-інде – 19). Республикалар саны – 15. Автономиялы республикалар мен облыстарды есепке алмағанда. 6 үлкен өлкені де. Көктемгі шақыру тағы бар. Алып мемлекет, алып қарулы Күштер. Бәрі орынды. Жалпы әскер саны халық санының 1 пайызынан аспауы керек. Асып кетсче, экономиканың «белі шорт сынады». Бұны өткен ғасырдың 30 жылдары өте білікті офицер, «мобилизацияның маманы» Триандафилов айтып кеткен. «Мозг армии» кітабы кітапханаларда жоқ. Құпия кітапханалардан табуға болады. Қалай болғанда да әлем елдері әскері бұл принципті берік ұстанады.

Генерал Пивень – осы бір құйтырқысы мол бағыттың маманы болды. Бас штабта Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары басқармасының алғашқы басшыларының бірі болды.

Әскери тәртіп қатты. Тапсырма берілді – орындалды – баяндалды. Бұл тізбек мүлтіксіз орындалады. Десе де, алғашқы жылдары бұл тұста да ақаулар болғанға ұқсайды. Басқа айтса сенбес едім. Басты кейіпкер өзім. Әскер военкоматтан басталады. Алдымен құжаттар жиналады, жеке іс жасалады. 2 данада. Газеттің алғашқы редакторы подполковник Виль Рақманқұлов мен үшін жүгірді, қалай болғанда да жеке ісім жоқ болып шықты. Өзімнің салақтығымнан болар, 10 жылдан кейін бірақ білдім. Медкомиссиядан өткенім, құжаттар жинағаным, фотосуреттер тапсырғаным есімде, «личное делом» жоқ. Әскерге шақырылған Талғар аудандық әскери комисариатта да ешқандай мәлімет жоқ. Ешбір жерге фамилиям тіркелмеген. Бірақ қолымда, мөрі басылған «повестка» болды. Мамандар «мүмкін емес» деді. Мүмкін болған соң, баяндап отырмын. Жеке ісімді кейін жинақтадым. 1 данада ғана. Осы мысалмен-ақ Дмитрий Ивановичтің өтпелі кезең тұсындағы қызметінің ауырлығын байқауға болады. Генерал сол бір сындардан да абыроймен өткен жан болар.

Рас, Совет заманында да әскери комисариаттарда шамалы «бардактар» болды. Соны пайдаланып, әскерге шақырылғанмын. Рим санының құдыреттілігіне көзім жеткен. Бір таяқшаны білдіртпей алып тастап, туған айым қараша емес, қазан болып шыға келген. 18 жасымды казармада қарсы алған едім. Комиссар-маиор Козурманың кеңесі бойынша...

Бөлісу: