Танымал әнші Ғазизхан Шекербеков өзінің «Сезім үшін» атты әнін енді айтқысы келмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Сезім үшінді» Дариға мен Ochooou айтып кеткен соң, айтқым келмей жүр. Халық қайсысы хит боп кетсе, соны салыстырып қарайды. Сосын айтқым келмейді. Әбден айтып болсын, сосын өзіме келеді ғой деп жүрмін, - деді әнші.
Актриса Дариға Бадықова «Сезім үшін» әнін Ғазизхан Шекербекұлы тегін бергенін айтқан еді.
Айта кетейік, әнші, актриса Сара Амангелді Ғазизхан Шекербектің "Мен сені сағындым" әнін жоғары деңгейде орындап шыққан еді.