Газа секторы: 10 мың адам қаза тауып, 20 мың адам жараланды

6 Қараша 2023, 17:24 2032

Құрбандардың үштен екісі әйелдер мен балалар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлінінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы 7 қазанда басталған ХАМАС қозғалысы мен Израиль арасындағы қақтығыс Таяу Шығыстағы жағдайды күрделендіріп, гуманитарлық жағдайды ушықтырып жіберді. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, Газа секторындағы халықтың жағдайы күрделі. Таяу Шығыстағы 2 миллионнан астам адам азық-түлікке мұқтаж. Батыс, Азия, Таяу Шығыс елдері, Парсы шығанағы, АҚШ, ЕО, Канада, Қытай, Ресей Газа секторына және зардап шеккен Палестина халқына қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Гуманитарлық жағдайды ескере отырып, Қазақстан да шетте қалмады. 1 миллион АҚШ доллары көлемінде ақша бөлді. Үкімет бөлген қаражат БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне аударылды, - деді ресми өкіл.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: