Газ плитасында қараусыз қалған тамақ өртке әкелді

Бүгiн, 09:25 172

Оқиға  Қарағанды қаласында Қазыбек би ауданындағы Вагонная көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көрші пәтерден шыққан түтіннің иісін сезген үй тұрғындары құтқарушыларға хабарласты. Пәтердің есігін ешкім ашпағандықтан ТЖМ қызметкерлері есікті бұзып пәтерге кірді. Өрт сөндірушілер газ плитасында тамақтың жанып, жалын ас үй жиһазына тарағанын анықтады. Құтқарушылар тез арада өртті сөндіріп, плитаны өшіріп, газ баллонын ажыратып, далаға шығарды.

Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ дайындалып жатқан тағамды қараусыз қалдырмауға кеңес береді!

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: