Гашиш пен жалған курюра: Шымкентте екі тұрғын ұсталды

14 Тамыз, 13:09 447

Шымкенттің екі тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында ҚМА қызметкерлері қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілді.

Кейінірек сарапшылар зерттеу объектісінің жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткі заты екенін растады. Сонымен қатар аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылды, оларға 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: