Гарвардқа оқуға түскен қазақстандық Мишель Обама тұрған жатақхананы көрсетті

23 Қазан 2024, 14:37 550

Гарвардқа грантқа оқуға түскен қазақстандық мұғалім Шадияр Лес өзінің Instagram-дағы парақшасында танымал университеттің жатақханасын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерлесіміздің сөзінше, дәл осы жатақханада АҚШ-тың 44-президенті Барак Обаманың әйелі Мишель Обама өмір сүрген.

Сонымен қатар Шадияр жатақханада өмір сүру құны айына 900 доллар (440 мың теңге) екенін айтты.

Шадияр Лес Гарвард университетіне 2024 жылғы 28 тамызда түсті. Бұған дейін ол Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ағылшын тілінен сабақ берген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: