«Гантельмен ұрып, пышақтап, бұрауыш сұққан»: жеті баланың анасын өлтірген күдікті қамауға алынды

Бүгiн, 16:22 637

Шымкентте 42 жастағы Шолпан Ақмырза қайтыс болды. Жеті баланың анасы үшінші қабаттан құлап, мерт болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл оқиғаға оның кәмелетке толмаған екі баласы куә болған.

Марқұмның туыстары оның өз еркімен секіргеніне сенбейді. Балалары бұрынғы күйеуінің анасына зорлық көрсеткенін айтқан. Марқұмның әпкесі Ақмарал Ақмырзаның сөзінше, күдікті оны гантельмен ұрып, пышақтап, бұрағыш сұққан. Марқұмның қызы Перизат Қалдарбек анасы заңды түрде ажырасса да, бұрынғы күйеуі үйге кіріп жүргенін айтты.

Қазіргі уақытта 47 жастағы күдікті қамауға алынды. Полиция бұл оқиғаға қатысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғады. Алайда марқұмның туыстары істің «Адам өлтіру» бабымен тергелуін талап етуде.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: