Ғани Қайназаров QFL президенті қызметінен кетті

Кеше, 12:28 270

Ғани Қайназаров Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол биылғы 17 мамырда футбол ұйымының басшылығына сайланған еді. Оның қызметтен кетуіне өзге жұмысқа ауысуы себеп болды.

Qazaqstan Football League-сында осы жылы отандық футболды дамытуға бағытталған біршама реформа жүзеге асты. Мен үшін QFL-ді басқару үлкен құрмет әрі жауапкершілік және көптеген жобалардың іске асуына үлес қосқаныма қуаныштымын. Лиганың командасы, футбол клубтары, біздің серіктестер, БАҚ өкілдері және құрметті жанкүйерлерге қолдау танытып, бірге жемісті қызмет атқарғаны үшін рақметімді айтамын, - деді Ғани Қайназаров. 

Qazaqstan Football League Ғани Әділханұлына өз алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді. Жаңа басшыны сайлау бойынша мәселе жақын уақытта Лига мүшелерінің кезектен тыс отырысында талқыланатын болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: