Гандболдан ұлттық құрама әлем чемпионатында бақ сынайды

26 Қараша 2023, 11:46 1127

Гандбол спортынан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына аттанады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дүние жүзілік дода  29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Дания, Норвегия, Швеция елдерінің бірігіп ұйымдастыруымен өтеді. Отандық гандболшылар G тобында Бразилия, Испания мен Украина құрамаларымен өзара кездеседі. Біздің гандболшберлері алғашқы ойынын 29 қарашада Испанияға қарсы өткізетін болды. 

Сондай-ақ, 1 желтоқсанда Бразилиямен, ал 3 желтоқсанда Украинамен ойнайды. 

Ойындар Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші - 2007 жылғы 18 орын болған көрінеді. 

Әлем чемпионатына қатысатын 32 құрама төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген.

Құрамалардың топтарға бөлінуі төмендегідей: 

A тобы: Швеция, Хорватия, Қытай, Сенегал
В тобы: Черногория, Венгрия, Камерун, Парагвай
С тобы: Норвегия, Оңтүстік Корея, Гренландия, Австрия.
D тобы: Франция, Словения, Ангола, Исландия.
Е тобы: Дания, Румыния, Сербия, Чили.
F тобы: Германия, Польша, Жапония, Иран.
G тобы: Бразилия, Испания, Украина, Қазақстан.
H тобы: Нидерланд, Чехия, Аргентина, Конго.

Асқар Таудай
Бөлісу: