Ганалық бүлдіршін ең жас суретші ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді

9 Маусым, 06:13 632

2022 жылғы 16 шілдеде дүниеге келген ганалық бүлдіршін Эйс-Лиам әлемдегі ең жас суретші ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді. Бұл Анадолы агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жасы әлі екіге де толмаған Эйс-Лиам 2003 жылы үш жаста болған Данте Ламбоның рекордын жаңартты.

Эйс-Лиамның анасы Шантель Эганның өзі де суретші екен, сондықтан ол ұлына картиналарды салуда көмектеседі.

Эганның айтуынша, рекордтар кітабына өтінішті ол 2023 жылғы маусымда бірген, алайда рекорд тіркелуі үшін оның ұлы көрме өткізіп, туындыларын сатуы керек екен. Сондықтан көп ұзамай Эйс-Лиамның Аккра қаласында алғашқы көрмесі өтіп, көпшілік назарына ұсынылған 10 туындының 9-ы сатылып кеткен.

Зарина Арман
Бөлісу: