Гаити халқының жартысына жуығы ашаршылыққа ұшырады

Бүгiн, 02:39 157

Гаитидің 11 миллиондай халқының 5,5 миллионға жуығы ашаршылыққа ұшырады. Мұны БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елде мұндай жағдайдың қалыптасуына Гаити астанасының 80 пайызын басып алған қылмыскерлердің азық-түлік таситын жолдарды бақылауға алуы себепші.

Сонымен қатар, инфляция, қуаңшылық және 2021 жылғы алапат зілзала да тұрмысты нашарлатып жіберген. 

Перизат Саденова
Бөлісу: