Үкімет қаулысымен Ғабидолла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ғабидолла Оспанқұлов 1981 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақстан-Ресей университетін, Бирмингем университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі) бітірген,
Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласында «Евразия Консалтинг» ЖШС-де заңгер көмекшісі болып бастаған.
2002-2006 жылдары ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі болды.
2006-2009 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты бөлімдерінде бас сарапшының м.а., бас консультанттың м. а., бас консультант.
2009-2010 жылдары – ҚР Президентінің Парламенттегі өкілдігі секторының меңгерушісі.
2010-2011 жылдары – Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары.
2011-2012 жылдары – Павлодар облысының Білім беру саласындағы бақылау департаментінің директоры.
2012-2013 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде заң, әкімшілік департаменттерінің директоры болып жұмыс істеді.
2013-2017 жылдары – ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, кейін қайта ұйымдастыру аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры.
2017-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылы – «NurOtan» партиясының хатшысы.
2019-2020 жылдары – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары.
2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор.
2022 жылы – ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2022-2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
Еске сала кетейік, бұған дейін осы қызметте болған Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Мемлекет басшысының жарлығымен Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.