Гүлдер мен Жайлылық аптасы

14 Сәуір 2016, 10:55

Көрме орталығында Астанадағы Гүлдердің, Комфорт пен Жайлылықтың қазақстандық аптасы өз жұмысын бастады. Көрмеде үш топқа бөлінген. Олар:

Көрме орталығында Астанадағы Гүлдердің, Комфорт пен Жайлылықтың қазақстандық аптасы өз жұмысын бастады. Көрмеде үш топқа бөлінген. Олар:

Ахитекторлар мен дизайнерлер, жобалаушылар, гүл өнімдері мен отырғызу материалдарын жетекші өндірушілері, әлемдік брендтің өкілдері өз саласындағы соңғы жетістіктері мен жаңалықтарын көрсету үшін Астана қаласына арнайы келді. Көрмеде  әлемнің 12 елден 120-дан астам компаниялар қатысуда, олардың көбісі бұрын өткен көрмелер бойынша белгілі болып қалды: голландық Deliflor Chrysanten компаниясы – AstanaFloraExpo көрмесінің ресми демеушісі; жыл сайынғы қатысушылары - Nicole, КазФлор, Жасұлан-Флора компаниялары.

Әдеттегідей «Гүл көрмесінің ханшайымы» жауқасын, хризантема, раушан гүлдерінің жаңа сұрыптарын ұсынды. «Deliflor Chrysanten» компаниясы хризантема сұрыбының бірегей жаңа түрлерін алып келді, олар: Magnum, Rossano Charlotte, Alamos мен Varese, оны өз көрсетілімдерде белгілі голланд флористі, флористика жөніндегі көптеген еуропалық конкурстардың жеңімпазы – Рууд Хазелар көрсететін болады. 

Village көрмесін жетекші: «Ақылды үй» технологиясы бар «Teletask» компаниясы, барбекью мен грилльдың «Grill Systems» компаниясының-өкілі, Gaz Center, Италлон компаниялары және басқалары кезекті қолдады. Village тағы да: «Үйді 3 күнде сал» тұжырымдамасын ұсынып, өз үйінің құрылысына және үйдің маңындағы учаскені жайластыруға арналған кең ауқымды өнімді көрсетеді. Биыл Астанадағы Гүлдердің, Комфорт пен Жайлылықтың қазақстандық аптасының құрамында интерьерлік дизайнның Astana Interior Design тұсаукесер көрмесі табысты ашылды, премиум-санатындағы  Inside Interior интерьерлік журналы оның ұйымдастырушысы болып алға шықты. Көрме, Қазақстанның, Ресейдің, Беларуссияның, Украинаның, Италияның, Германияның, БАӘ ең үздік дизайн-студиялары мен интерьерлік компаниялары дизайн әлеміндегі 2016 жылдың соңғы үрдістерін ұсынды. Компаниялар өз ісінің иелері өз қолдарымен жасалған бетонды жиһаз, табиғи тасты арт-инсталляциялар, фарфорды қол жуғыштар, декордың бірегей заттары мен шыныдан жасалған стандартты емес арт-объектілер сияқты Еуропа мен Азияның әлемдік брендерінің  креативті идеяларын  ұсынды.

 

Көрме 13 сәуірден бастап 15 сәуірге дейін өтеді, келем деушілер әлемдік санаттағы флористердің шоу-көрсетілімдеріне, үш негізгі тематика бойынша: ақылды технологиялар, үйді жылытудың заманауи экологиялық шешімдері мен SPA-индустрияның ең үздік үрдістері бойынша құрылыс саласының кәсіби мамандарының көрсетілімді мастер-кластары мен семинарларына қатысуларына болады. Сондай-ақ, мамандар Орман шаруашылығы мен орман мен ағаш өңдеу ұйымдарыны «Жасы» «Жасыл Орман» қауымдастығының қолдауымен  «Көгалдандыру мен тәлімбақтандырудағы замануи үрдістер» атты Ғылыми-практикалық конференциясы және ҚР Архитекторлар, дизайнерлер мен құрылыс индустриясының өзге кәсіби қатысушыларының қолдауымен Дизайнерлер мен Еуропа мен Азияның интерьерлік нарық өкілдерінің форумы сияқты ірі іскер іс-шараларына қатысуы үшін ерекше мүмкіндікке ие болды.

Конференция шеңберінде кәсіби мамандар өз баяндамаларында актуалды экологиялық проблемаларды, оларды шешу жолдарын көтереді.  Осылайша, EXPO-2017 көрмесі қарсаңында белгілі француз архитекторы Оливье Даме «Қазіргі қаланың экологиялық проблемаларын шешудегі инновациялық ландшафтты технологияларды пайдалану. Болашақтың экологиялық қала: бұл не?» тақырыбына арналған баяндама жасады.

Форумның мамандары өз баяңдамаларында «Дағдарыс қалай сезінеді?», «Қазақстанда интерьерлік нарықтың жағдайы қандай» сияқты маңызды сұрақтарды талқылауды  таңдады, ал ресейлік және итальяндық делегаттар республиканың интерьерлік нарықтағы бизнесті жүргізудің жаңа әдістерін ұсынды.Аптаның толы бағдарламасын Қазақстандық Astana Design Awards дизайнерлік премияның  жұмыстарының жеңімпаздарын анықтау мен жұмыстарын көрсету жалғастырады, оның ұйымдастырушысы Inside Interior болып табылады. Мамандар архитектура, Интерьердің дизайны, Ландшафтты дизайын мен флористика және т.б. сияқты бірқатар номинацияларда қатысады.

Апта өз жұмысын Бейбітшілік және Келісім сарайында 17 сәуірде Astana Design Awards Қазақстандық дизайнерлік сыйлықақы табыс ету рәсімімен салтанатты түрде аяқтайды.


Рүстем ӘЛПИ 

Бөлісу: