Футзалдан Қазақстан Суперкубогының иегері анықталды

2 Қыркүйек 2023, 23:14 1007

"Қайрат" футзал клубы Қазақстан Суперкубогының иегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Финалда Алматы клубы Рудныйдың "Аят" клубынан басым түсті. Таразда өткен ойын 4:2 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілді.

Жеңімпаздар сапында Денер хет-трик авторы атанса, тағы бір голды Педро өз еншісіне жазды. Рудныйлықтардан Евгений Козырчиков пен Леандриньо мергендік танытты.

Осылайша "Қайрат" осымен сегізінші рет осы атаққа қол жеткізіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 3-7 қыркүйек аралығында ел Кубогының алдын ала кезеңінің ойындары басталады.

24-25 қыркүйекте ел чемпионатының 1-2-туры өтеді. Онда "Қайрат", "Жетісу", "Ақтөбе", "Каспий", "Семей", "Атырау", "Астана", "Ордабасы", "Бәйтерек", "Аят", "Рахмет", "Қарағанды" клубтары өнер көрсетеді.

Берік Арманов
Бөлісу: