Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы Испаниямен өткен тең ойыннан соң Ливия құрамасымен кездесті. Есеп - 4:1.
Қарсыластар алғашқы голды өз қақпасына соғып алса, кейін біздің команда сапынан Біржан Оразов, Жахангир Рашид және Альберт Ақбалықов көзге түсті. Осылайша Қазақстан командасы 4 ұпаймен D тобында аралық бірінші орында келеді.