Футболдан Қазақстан құрамасының жұлдызын түрік клубы сатып алады

10 Тамыз 2023, 17:38 1074

Футболдан Қазақстан құрамасының жұлдызы Бахтиёр Зайнутдиновты жақын арада "Бешикташ" клубы сатып алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Инсайдер Озжан Гекменнің мәліметінше, Стамбулдық клуб мәскеулік "ЦСКА"-мен ойыншыны сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Келіссөздер аяқталуға жақын.

"Бешикташ" "ЦСКА"-мен Бахтиёр Зайнутдинов бойынша келіссөздерді аяқтады. Ресей клубы ойыншыны 6,5 миллион еуроға сатқысы келгенімен, түрік клубы қазақстандық ойыншы үшін тек 5 миллион еуро төлей алатынын ескертті, -деп хабарлайды журналист өзінің Twitter-аккаунтында.

Равиль Ашығали
Бөлісу: