Қазақстан жолдастық кездесуде Өзбекстан құрамасымен сырт алаңда ойнады, деп хабарлайды El.kz Спорт Шредингер Telegram-каналына сілтеме жасап.
Алаңдағы көрермендер санына қарағанда көрші ел үшін бұл әдеттегі ойындардың бірі болған көрінеді. Ал Қазақстан құрамасы үшін бұл кездесу маңызды еді. Ташкентте өткен ойын Ұлттар лигасынан кейінгі және Магомед Әдиевтің келісімшартын ұзартқаннан кейінгі бірінші матч. Сондай-ақ, Бауыржан Исламхан екі жылдық үзілістен кейін жасыл алаңға қайта оралды
Кездесу 0:2 есебімен Өзбекстан құрамасының пайдасына шешілді.
Енді Қазақстан 19 қараша күні Дубайда сырт алаңда Біріккен Араб әмірлігі құрамасымен кездесу өткізеді.