Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде сегіз сатыға жоғарылады

29 Маусым 2023, 17:47 932

FIFA жариялаған жаңа рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасы сегіз сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясының (FIFA) жаңартылған рейтингі бүгін, 29 маусымда шықты. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 8 сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты.

Айта кетейік, қазақстандық футболшылар маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында сырт алаңда Сан-Марино (3:0) және Солтүстік Ирландияны (1:0) қапы қалдырған еді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: