Футболдан Әлем чемпионатына арналған монета шықты

3 Желтоқсан 2022, 11:24 1359

Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, номиналы 100 теңгелік, жалпы таралымы 4 мың дана.

Қазақстанда "Спорт" монеталар сериясынан FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталар айналымға шықты, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Монеталар Қазақстан Ұлттық банкі, Қазақстан монета сарайы мен MDM неміс нумизматика компаниясы арасындағы үшжақты келісім аясында шығарылды. Сатылымға түсетін датаны Ұлттық банк қосымша хабарлайтын болады.

Коллекциялық монеталар алтын жалату технологиясы қолданыла отырып, 925/1000 сынамалы күмістен жасалды. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, номиналы 100 теңгелік, жалпы таралымы 4 мың дана. Ішкі нарық үшін таралымы — 3 650 дана, сыртқы нарық үшін — 350 дана.

EL.KZ
Бөлісу: