Футбол: Қазақстан әйелдер құрамасы FIFA рейтингінде жоғарылады

13 Маусым 2023, 00:14 871

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы жаңартылған рейтингте екі сатыға жоғарылады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық футбол федерациясының ресми сайты әйелдер құрамасының жаңартылған рейтингін жариялаған болатын.

Олар бұдан бұрын 101-орында тұрған еді.

Енді 99-орынға көтеріліп, 1205.62 ұпайды еншіледі.

Бұл көрсеткіші бойынша рейтингте Эстония(98-орын, 1211.02 ұпай) және Фарер аралдары (100-орын, 1201.16 ұпай) қатар тұр.

Рейтингтің көш басында АҚШ әйелдер құрамасының еншісінде 2090.03 ұпай бар.

Берік Арманов
Бөлісу: