Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде алматылық «Қайрат» қатарынан екінші мәрте жеңілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ел біріншілігінің 11-турында алматылық клуб сырт алаңда Түркістан облысының «Мақтаарал» командасымен бақ сынасқан болатын.
Түркістандық клуб турнио кестесінде соңғы орынға жайғасты. Соған қарамастан олар қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.
Бұл – «Қайраттың» қатарынан екінші жеңілісі. Бұдан бұрын өз алаңында қызылордалық «Қайсарға» 0:3 есебімен жол берген еді.