Фуат Сатыбаев Мәжіліс депутаты атанды

9 Қараша 2022, 09:22 1385

Ол VII шақырылған облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Ортсайлауком отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Фуат Сатыбаевты тіркеу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды El.kz.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Ақ жол» демократиялық партиясы ұлттық кеңесінің 5 қарашадағы № 1 қаулысына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Ақ жол» ҚДП қоғамдық бірлестігінің мүшесі Фуат Сайдахметұлы Сатыбаевқа берілсін.

- Фуат Сатыбаев Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

- Фуат Сатыбаевқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Тапсыру барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Фуат Сатыбаевтың Павлодар облысында хирург-дәрігер, денсаулық сақтаудың құрметті қызметкері ретінде танымал екенін атап өтті.

2021 жылғы 10 қаңтарда «Ақжол» партиясынан VII сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

VII шақырылған облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

EL.KZ
Бөлісу: