Франция шетелдік студенттер үшін жаңа заң қабылдайды

17 Қаңтар, 10:16 959

Франция иммиграция туралы жаңа заң жобасын қабылдамақ. Жаңа заң бойынша, студенттік виза алуға өтініш берген шетелдіктер депозит төлеуі керек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депозит сомасы әлі нақтыланбады. Дегенмен, бұл сома студенттің «күтпеген шығындарын» жабуы керек екені айтылған. Үш жағдайда ақша кері қайтарылады: студенттің тұруға берілген рұқсатнама мерзімі аяқталғаннан кейін, оны ұзартқаннан кейін немесе басқа мәртебедегі тұруға ықтиярхат алған кезде.

Заң жобасында басқа да өзгерістер қарастырылған. Еуропалық одаққа кірмейтін елдердің студенттері үшін оқу ақысы көтеріледі. Ұзақ мерзімге тұруға рұқсаты бар студенттер енді жыл сайын нақты қандай бағдарлама бойынша білім алып жатқаны туралы құжат өткізуі керек.

Сондай-ақ жаңа заң бойынша, Францияда оқитын студенттердің отбасылары емін-еркін көшіп келе алмайды. туыстарын шақыру үшін студент елде кемінде екі жыл болуы керек (бұрын - бір жарым жыл), ал шақырылған адамның жас мөлшері 18 жастан 21 жасқа дейін өсті.

Заң жобасы қазірдің өзінде қоғамда резонанс тудырды. Францияның үш жетекші бизнес мектебінің басшылары-ESSEC, ESCP және HEC – заңда көрсетілген шектеулер елдің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер ететінін алға тартуда.

Көші-қон туралы заң талқылауында талқыланып жатқан нәрсе Францияның (шетелдіктер үшін) тартымдылығына нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл заңның түпкі мақсаты – шетелдіктерден қорғану емес екені анық, - дейді ESSEC бизнес мектебінің деканы және президенті Винченцо Винци.

Болашақ студенттердің қарсылығына тап болмас үшін Эммануэль Макронның "Ренессанс" партиясының Ұлттық Жиналысының депутаты Пол Миди депозит сомасын шамамен 10-20€ аралығында бекіту керегін айтты.

Қазір Франция 2027 жылға қарай 500 000 шетелдік студенттерді тартуды мақсат етіп отыр. Мамандар жаңа заң бұл мақсатқа жетуге кедергі болады деп есептейді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: