Франция Президенті Мұхтар Тайжанның ұлын Эйфель мұнарасында құттықтады

11 Наурыз, 23:21 894

Қазақстандық қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның ұлы Санжар Тайжан Парижде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, соңынан жастарды Франция Президенті Эмманюэль Макрон арнайы құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Санжар Тайжан әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, Франция басшысымен сұхбаттасқан сәтін жариялады. 

Мен сүйікті қызыма үйленуге ұсыныс жасадым. Франция Президенті Э.Макрон бірнеше сағаттан кейін бізді құттықтады, - деп жазды Санжар Тайжан. 

Бейнежазбада көпшілік арасында жүрген Франция Президенті қазақ жастарына жауап беріп, олардың Қазақстаннан екенін білгенін білген соң елімізді білетінін, бірнеше рет ресми сапармен барғанын айтты. Сондай-ақ, үйленуге бел буған жұпқа бақыт тіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: