Бүгін Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Ассамблея жастары» ұйымы мен Ұлттық Дельфий комитеті бірлесе дайындаған «Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті.
Аталған іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Әзілханов, ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтары дүниежүзілік федерациясының президенті Б.Ақшолақов, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің басшысы А.Пирич, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Джумурбаев, ҚХА шығармашылық ұжымдар қауымдастығының басшысы, Ұлттық Дельфий комитетінің директоры Қ.Туспекова және Парламент депутаттары, дипломатиялық корпустың, шығармашылық саласындағы зиялы қауым мен талантты жастардың өкілдері қатысты.
Бұл жоба дарынды жастарды қолдауды, шығармашылық әлеміндегі ұрпақтар сабақтастығын дамытуды, сондай-ақ әртүрлі этнос өкілдерінің Қазақстан мәдениетін өркендетуге қосқан үлесін көрсетуді мақсат етеді.
Жоба аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері қатарындағы шығармашыл жастардың тәлімгерлеріне арналған «Тәлімгер» фотокөрмесі таныстырылды. Ұсынылған әр кейіпкер шығармашылықтың түрлі бағытындағы дарынды жастарды дайындаумен, оларды қолдаумен айналысады.
Іс-шара қонақтарына Қазақ ұлттық хореография академиясының Студенттік Ассамблеясы белсенділерінің орындауындағы «Жастар вальсі» қойылымы, сондай-ақ түрлі жылдардағы Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары, белгілі мәдениет қайраткерлері дайындаған мерекелік концерт ұсынылды. Бағдарламада қазақ классикалық және халық музыкасының шығармалары ұсынылды.
Іс-шара соңында ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов халықаралық байқауларға қатысуды қолдау үшін дарынды жастарға жол жүру гранттарын тапсырды.
2023 жылдан бері «Folk&Art Performance» жоба талантты жастарды қолдау мен дамытуға арналған маңызды алаңға айналды. Оның қатысушылары өнер арқылы Қазақстан халқын біріктіретін жалпыұлттық құндылықтарды насихап келеді. Жас таланттарымыз бен олардың тәлімгерлері «Әралуандықтағы бірлік» қағидатын айқын көрсетіп, Қазақстанның мәдени мұрасының байлығы мен алуантүрлілігін, сондай-ақ оның әрі қарай дамуына түрлі этностардың қосқан үлесін паш етуде.
Бүгінгі жобаның Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар кешені аясында жүзеге асырылуы – ерекше символдық мәнге ие.