FLEX бағдарламасымен 2 000-нан астам оқушы АҚШ мектептерінде оқыды

14 Желтоқсан 2022, 15:34 1484

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі айтты

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Кездесуде екі жақ қазақстандық оқушыларды FLEX бағдарламасы бойынша оқыту, педагогтердің біліктілігін арттыру және мұғалімдерге арналған сертификаттар мен курстарды тану мәселелерін талқылады.
 
«Елдеріміз арасында білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық орнатылып, білім берудің барлық деңгейінде бірден бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Біз әртүрлі тәжірибе алмасу бағдарламаларын құп көреміз, мысалы, FLEX арқылы 2 000-нан астам оқушы АҚШ мектептерінде оқыды. Ағылшын тілін дамыту - тиімді бағдарламалардың бірі. Бағдарлама қатысушылары ұйымдарымызда ағылшын тілін үйретеді. Сондай-ақ STEM және инклюзивті білім беруді дамыту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Барлық бағыт бойынша алдағы уақытта ынтымақтастығымыз нығая түсетініне сенемін», - деп айтты Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

EL.KZ
Бөлісу: