Фитосанитариядағы қате саясаттың кесірінен елімізге 8 жаңа ауру кіріп кеткен

19 Маусым 2023, 11:58 1182

Фитосанитариядағы қате саясаттың кесірінен елімізге 8 жаңа ару кіріп кеткен. Мәжілістегі Үкімет сағатында Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев осындай дерек айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа піскен жемістер мен көкөністің бәріс тәуекелі жоғары карантиндік өнім болып есептеледі. Ішкі нарықты қалайда толықтыру жарысында фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері назардан тыс қалып жатыр. Осындай саясаттың салдарынан тек соңғы жылдары республикада аурулардың сегіз жаңа түрі тіркелді. Атап айтқанда, «америкалық ақ көбелек», «азиялық мұртты қоңыз», «картоптың бозғылт жұмыртқасы» және басқалар. Бұл дегеніміз – енді мәңгілікке, - деді Серік Егізбаев.

Мәжіліс депутаты тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары бойынша да республика импортқа тәуелділік бар екенін атап өтті. Оның мәліметі бойынша, былтыр импорт көлемі 38,5 млрд теңге болған.

Комитет төрағасы тұқым шаруашылығындағы аграрлық ғылымның жай-күйіне де тоқталды.

Осы салада сәтсіз эксперименттердің легі бітпей жатыр. Соның салдарынан ғылыми кадрларды, жылдар бойы жинақталған ғылыми тәжірибені жоғалтып жатырмыз. Отандық аграрлық ғылымды қаржыландыру мен қолдау жүйесінің мәні қалмады.Үкіметке бұл жерде де ахуалды түзету үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет, - деді Мәжіліс депутаты.

Равиль Ашығали
Бөлісу: